
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Әбделуахаб әш-Шехримен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар конфессияаралық диалогты тереңдету және мәдени-рухани жобаларды бірлесе жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығы басшысының 2026 жылғы 7 қазанда Астанада өтетін Съез Хатшылығының XXIV отырысына қатысу үшін ДИЛ делегациясын жолдау туралы ДИЛ Бас хатшысына жолдаған хаты табысталды.
Өз кезегінде Ә.әш-Шехри Астанадағы алқалы жиынға ДИЛ өкілінің қатысатынын растап, өткен жылғы «Астана 2025 – Бейбітшілік декларациясының» жаһандық тұрақтылықтағы рөліне жоғары баға берді.