Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелері Белградта талқыланды

Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелері Белградта талқыланды

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Қорғаныс министрі Братислав Гашичпен кездесті.

Тараптар қорғаныс саласындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық пен әскери-техникалық әріптестікті талқылап, Сербия Президенті А.Вучичтің 2026 жылғы 26-27 ақпанда Астанаға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударды.

Елші М.Атамқұлов Қазақстанның тәжірибе алмасуға және қорғаныс құрылымдарын жаңғыртуға мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде министр Б.Гашич серб қорғаныс ведомствосының осы саладағы Қазақстан-Сербия диалогвн одан әрі дамытуға берік бейілділігін растады.

Кездесу соңында Елші М.Атамқұлов пен Министр Б.Гашич қауіпсіздік саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін сындарлы диалог пен өзара іс-қимылды жалғастыру ниеттерін растады.