
Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Сербия Президенті А.Вучичтің Астанаға жасаған ресми сапарының (2026 жылғы 26–27 ақпан) қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Елші М.Атамқұлов серб тарапын осы бағыттағы жұмыстардың барысымен таныстырып, екі мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау ынтымақтастықтың жаңа әрі ауқымды мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.
Өз кезегінде министр Н.Попович серб үкіметі барлық уағдаластықтарды толық жүзеге асыруға берік ұстанымын растады және екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты қатынастардың даму серпініне қосымша күш беруге бағытталған алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлармен алмасты.