Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді

Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия парламенттік қоғамы ұйымдастырған іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында Аустрия Ұлттық кеңесінің президенті Вальтер Розенкранцпен, Аустрия Федералдық кеңесінің төрағасының орынбасары, «Аустрия – Қазақстан» достық тобының мүшесі Кристина Шварц-Фукспен, сондай-ақ басқа да парламент өкілдерімен кездесулер өтті.

Елші аустриялық депуттарын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар бағдарламасының орындалу барысымен таныстырды. Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Сұхбаттасушыларға Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі ережелері егжей-тегжейлі таныстырылып, онда билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің жаңа тетіктері, Парламент пен Вице-президенттің рөлі, жергілікті билік басқару мәселелері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту қарастырылғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, алдағы Құрылтай сайлауын өткізу жоспарлары және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында елдің институционалдық дамуын одан әрі ілгерілету жөніндегі қадамдар таныстырылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 5–7 мамырда Аустрияның Сыртқы істер және Ішкі істер министрлерінің Қазақстанға өткен сапарына қатысты оң пікірлер айтылды, парламентаралық диалогты жалғастыруға және екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді. Ағымдағы жалыдың 27–30 қыркүйек аралығында Аустрия парламентінің достық тобының Қазақстанға жоспарланған сапарына ерекше назар аударылды.

Тараптар қазақстандық-аустриялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады.