Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар тау-кен өнеркәсібі саласындағы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, стратегиялық және аса маңызды минералдарды барлау, өндіру және өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Тараптар екі елдің салалық мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.