
Қазақстанның Жапонияағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Токио губернаторы Юрико Коикемен кездесті.
Сұхбат барысында Ю.Койке жуырда Астанаға жасаған сапары шеңберінде оған көрсеткен жылы қабылдауы үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан астанасының жаңғыруы мен қарқынды өсуінің әсерлі серпінін атап өтті. Тараптар инновацияға, цифрлық трансформацияға және «жасыл» энергетикаға деген өзара мүдделілік екі қаланың бизнесі мен институционалдық әріптестігі үшін жаңа көкжиектер ашады.
Жапон саясаткері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауымдастықтағы рөлін жоғары бағалап, жапон тарапының Астанамен барлық негізгі салаларда стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзір екенін мәлімдеді.
Елші жапон саясаткерін көптеген жылдар бойы Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын нығайтуға дәйекті ықпал етіп келе жатқан Қазақстанның мейірімді досы деп атады. Сондай-ақ, ол Токио мен Астана арасындағы ынтымақтастықты жандандыру Мемлекет басшысының 2025 ж. желтоқсандағы Жапонияға жасалған ресми сапарының практикалық нәтижелерінің бірі болғанынна тоқталды.
2025 ж. желтоқсанда қол қойылған Астана мен Токио арасындағы цифрлық даму және қала орнықтылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум қалалық ортаның сапасы мен басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатындығы ерекше аталып өтті.
Сондай-ақ Жапония астанасы үкіметінің басшысы еліміздің мемлекеттік рәміздері күніне орай Қазақстан Республикасының туын көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
Токио астаналық үкіметі Жапонияның бюджет көлемі бойынша (шамамен 60 млрд.) және өңірлік ЖІӨ бойынша (шамамен 1,7 трлн.долл.) ең ірі муниципалды құрылымы болып табылады. Токио халқы 14,3 млн. адамды құрайды.