Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады

Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады

Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиевтің Конго Республикасына сапары барысында үкімет мүшелерімен және іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулері өтті.

Атап айтқанда Конго сыртқы саяси ведомствоның басшысы Констан-Серж Бундамен, Телекоммуникация және цифрлық экономика министрі Нгема Нземен, Қаржы және бюджет министрі Кристиан Йокамен және Ұлттық қорғаныс министрлігінің Стратегиялық мәселелер және әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Жан Эме Инюмбамен  келіссөздер орын алды.

Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект, телекоммуникация, энергетика, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржылық технологиялар және банк ісі саласындағы тәжірибесі мен жетістіктері Конго Республикасының ерекше қызығушылығын тудырды. Браззавиль Орталық Африканың бүкіл аймағы үшін Қазақстаннан астық пен тыңайтқыштар импорттау мүмкіндіктерін зерделеуде. Сондай-ақ конголездік жастарды Қазақстанның білім беру мекемелеріне оқуға жіберу туралы тілек білдірілді.

Браззавиль Президент Қ.Тоқаевтың БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын қолдайды. Сыртқы істер министрі К.-С.Бунда су қауіпсіздігі тақырыбы барлық елдер үшін, әсіресе Африка үшін өте маңызды мәселе екенін атап өтті.

Қазақстан Елшісінің Конго Республикасына сапары конголездік бизнестің жетекші өкілдерінің бірі, көпсалалы компанияның Бас директоры Серж Муйимен өткен кездесумен аяқталды. Туризм және сауда салаларындағы, атап айтқанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберіндегі бизнес-ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Барлық сұхбаттасушылар екі елдің стратегиялық маңызды географиялық жағдайы бар екенін және аймақтық хабтар болып табылатынын, оларды Орта дәліз және Пуэнт-Нуар теңіз порты арқылы байланыстыру сауда-экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте алатынын растады.