Қазақстан мен Чехия парламентаралық дипломатияны дамытуға және ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Чехия парламентаралық дипломатияны дамытуға және ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік Ассамблеясындағы Чех Республикасы Парламентінің Тұрақты делегациясының басшысы Михал Ратиборскиймен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы достық қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы, оның ішінде аталған беделді өңірлік ұйымның Парламенттік Ассамблеясы шеңберіндегі табысты өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Елшісі Тұрақты делегацияның басым бағыттағы қызметімен танысты. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі мақсаты диалогты дамытуға, өзара түсіністікті нығайтуға және ЕҚЫҰ кеңістігіндегі жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу тетіктерін іздестіруге жәрдемдесу екенін атап өтті. Осы тұрғыда Қ. Әбдірахманов 2010 жылы Астанада өткен, осы ғасырдағы жалғыз ЕҚЫҰ Саммитін шақыру үдерісінде Парламенттік Ассамблеяның ерекше рөл атқарғанына назар аударды.

Сонымен қатар Елші ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары қызметін атқарған кезеңде Ұйымға қатысушы мемлекеттердің парламент мүшелерімен қалыптасқан сындарлы әрі нәтижелі өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі жағдайда Қазақстан ЕҚЫҰ қызметінің барлық үш өлшемі бойынша теңгерімді ұстаным қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Екіжақты қатынастарға қатысты тараптар парламенттік дипломатияны Қазақстан мен Чехия арасындағы байланыстарды кеңейту мен нығайтудың, өзара сенім ахуалын қалыптастырудың және тәжірибе алмасудың маңызды құралы ретінде бағалайтынын атап өтті. Осы ретте Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы парламенттеріндегі достық топтарының қызметіне ерекше мән берілетіні айтылды.

Кездесу барысында Қ. Әбдірахманов чехиялық парламентарийді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар туралы хабардар етіп, 2026 жылғы сәуірде Чехия Премьер-Министрі Андрей Бабиштің Астанаға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.

Кездесу жылы әрі сындарлы жағдайда өтті және тараптардың парламентаралық байланыстар шеңберінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында Қазақстан-Чехия ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін тағы да растады.