Загребте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлау қорытындысы талқыланды

Загребте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлау қорытындысы талқыланды

Загреб, 2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан Елшілігінде Хорват жұртшылығының көрнекті қоғам, ғылым және мәдениет қайраткерлерінің, парламент депутаттарының, хорват-қазақстан достық қоғамының, Загребтің Босния мәдени қоғамының және басқа да ұйымдардың қатысуымен «Қазақстандағы парламент сайлауының қорытындылары» атты дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев кездесуге қатысушыларды парламенттік сайлаудың қорытындылары туралы хабардар етіп, Қазақстанда дауыс беру ұлттық және халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін атап өтті. Дипломат Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қазақстандық парламентаризмді нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Хорватияның бұрынғы Президенті Степан Месич пандемияға және ұйымдастырушылық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан басшылығы эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз еткенін және азаматтардың еркін ерік білдіруі мен сайлауды халықаралық бақылау үшін барлық қажетті жағдайларды жасағанын, бұл әлемнің басқа елдері үшін үлгі болғанын атап өтті. Оның бағалауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық еткен «Нұр Отан» партиясының жеңісі Қазақстан Тұңғыш Президентінің қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесін мойындау болып табылады».

Хорватияның Сабор депутаты Барбара Антолич Вупора қазақстандықтарды парламенттік сайлауды сәтті өткізілуімен және келе жатқан Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Ол ұлттық ерік білдірудің нәтижелері Қазақстандағы парламентаризм мен көппартиялық демократиялық дәстүрлерді одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.

Достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипипович пен Босния мәдени қоғамының жетекшісі Ферид Диздаревич «Нұр Отан» партиясы мен оның жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету,  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-бағдарлы саясат шеңберінде сындарлы қоғамдық диалогты қолдау жөніндегі ұзақ мерзімді қызметін жоғары бағалады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жақында Хорватиядағы айтарлықтай қиратулар мен адамдардың құрбан болуына әкеп соққан жер сілкінісіне байланысты көңіл айту, жанашырлық пен қолдау білдіргені үшін Қазақстан басшылығына зор ризашылықтарын білдірді.

Қазақстан елшілігінің қызметкерлері жер сілкінісінен зардап шеккен отбасыларға көрсеткен қолдау мен қаржылай көмектің маңыздылығы атап өтілді. Соңында кездесуге қатысушылар қазақ халқына амандық пен өркендеу тіледі.