
Қазақстан Республикасының БҰҰ АзТМЭƏК жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан БҰҰ Бас хатшысының орынбасары жəне АзТМЭƏК Атқарушы хатшысы, профессор Армида Салсия Алисджабанамен Комиссияның Бангкок қаласындағы штабпəтерінде кездесті.
Кездесу барысында тараптар Комиссияның 82-сессиясында қабылданған шешімдерді іске асыру мəселелері және Алматы қаласында орнықты даму үшін БҰҰ АзТМЭƏК Цифрлық шешімдер орталығын құру туралы резолюцияны іске асырудың мерзімдері мен кезеңдерін талқылады.
БҰҰ жүйесіндегі аталған жаңа институтты құру туралы шешім Комиссияның 82-сессиясы барысында Ұйымға мүше 52 мемлекеттің консенсусымен қабылданды.
Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстанның 2026–2027 жылдарға арналған БҰҰ АзТМЭƏК-ның Технологиялар трансферті жөніндегі АзияТынық мұхиты орталығының (APCTT) Басқарушы кеңесінің мүшесі ретіндегі қызметі, оның ішінде технологиялар трансферті саласында өңірлік тəсілдерді əзірлеу жəне Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялық алшақтықты қысқартуға жəрдемдесу мəселелері талқыланды.