
Қазақстан Республикасының ҚХР Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев ҚХР Хубэй өңірінің Халықтық үкіметі Сыртқы істер басқармасының басшысы Чжан Сяомеймен кездесу өткізді.
Келіссөзде өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың мүмкіншіліктері талқыланды. Тараптар өзара іс-қимылды тереңдетуге мүдделілік танытатынын растап, цифрлық экономика, инвестиция, білім беру, туризм мен мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуда тиімді амалдар қолдануды уағдаласты.
Бас консулдық тарапынан Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын үнемді пайдалану технологиясын енгізу, көлік және инвестициялық ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ, мемлекетте жүргізіліп жатқан конституциялық реформалары аясында ҚР Үкіметі тарапынан шетелдік инвесторларды және отандық өнім өндірушілерге берілетін заңнамалық кепілдіктері туралы ақпарат берілді.
2026 ж. 19 мамырда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ҚР-ҚХР үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімін ратификациялау туралы Заңына қол қойғаны жеткізілді. Нормативтік-құқықтық жағынан ҚР Сыртқы істер министрлігі және жергілікті әкімдіктер тарапынан инвесторларға көрсетілетін қолдаулары жайында кеңінен баяндалды.
Талқы барысында өңір аралық іскерлік қатынастарды дамыту мақсатында үстіміздегі жылдығ екінші жартысына жоспарланған екі жақты сапарлардың тізімдігін салыстырып, сапарбағдарламасын бірігіп пысықтауды ұсынды. Тараптар өңір басшылығы сапарының аймақтар арасындағы байланыстарын нығайту арқылы экономиканы дамытуға ғана емес, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын растады.
Сонымен қатар, заманауи кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерімен серіктестік орнату, оқушылармен алмасу мүмкіндігі талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін растады.