Мысырда қазақстандық туристердің құқығын қорғау мәселесі талқыланды

Мысырда қазақстандық туристердің құқығын қорғау мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Асқар Жеңіс Оңтүстік Синайдың жаңадан тағайындалған губернаторы Исмаил Камалмен кездеті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, оның ішінде өңіраралық деңгейдегі өзара іс-қимылды талқылады.

Тараптар туристік саладағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Бұл ретте Шарм-эш-Шейхке қазақстандық туристердің айтарлықтай ағыны және мысырлық тараптың олардың демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүдделілігі аталып өтті.

Кездесу барысында Оңтүстік Синайға келетін Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау және оларға консулдық-құқықтық қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және барлық талқыланған бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.