Қазақстан Псковта Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алды

Қазақстан Псковта Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алды

Ұлы жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері сапар жасады.

Делегация мүшелері өңір басшылығымен, Псков облысы әкімшілігінің өкілдерімен, Псковтағы Сыртқы істер министрлігінің өкілімен және Санкт-Петербург әскери академияларында білім алып жатқан қазақстандық тыңдаушылармен бірге Монаково ауылындағы бауырластар зиратына барды. Рәсімге қатысушылар өңірді азат ету жолында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты іс-шаралар Новосокольники қаласында да өтті. Мұнда дипломаттар мен облыс өкілдері қазақ халқының аңызға айналған қаһарман қызы, мерген Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның өшпес ерлігіне тағзым етті.