Махараштра штатындағы үндістандық бизнес Қазақстан нарығына қызығушылығын растады

Махараштра штатындағы үндістандық бизнес Қазақстан нарығына қызығушылығын растады

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі А.Есқараев Мумбайға сапары барысында үнді және қазақстандық компаниялар басшылығымен, Махараштра штатының саяси топтарының өкілдерімен, сондай-ақ дін қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өтті. 

Сапардың басты мақсаты - сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды ілгерілету.

 «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ басшылығымен кездесу  барысында титан шлагын өндіруге бағытталған «IREUK Titanium Limited» Қазақстан-Үндістан жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Титан өнімдеріне деген тұрақты сұраныс пен Қазақстан мен Үндістан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, оның стратегиялық маңыздылығы аталып өтті. Елші жобаны қолдайтынын және Елшіліктің оны іске асырудың барлық кезеңдерінде, соның ішінде Үндістанның мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл құруға дайын екенін растады.

Сонымен қатар «Tata Sons Private Limited» компаниясының Президенті  С.Чоударимен кездесуде инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары мен өзара іс-қимылдың басым бағыттары талқыланды. Үндістан тарапы елімізді Орталық Азиядағы негізгі серіктес ретінде қарастыра отырып, Қазақстанда жобаларды іске асыруға мүдделілілік расталды. Қазақстанның ұзақ мерзімді өнеркәсіптік бастамаларды іске асыруға жағдай жасайтын жоғары әлеуеті аталып өтті.

Энергетика, тау-кен металлургия кешені және ауыр өнеркәсіп салаларындағы жобаларға, соның ішінде шикізатты өндіру мен өңдеуге, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және заманауи технологияларды енгізуге ерекше қызығушылық білдірілді. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, оның ішінде Екібастұз қаласында жасанды интеллект саласында озық шешімдерді қолдана отырып, дата-орталық салу мүмкіндігі талқыланды. Үнді бизнесі әуежайлар құрылысына қатысуға, сондай-ақ көлік-логистика және индустриялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Рухани-гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Діни қайраткер, «Somaiya Vidyavihar» индология орталығының президенті С. Сомайямен кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің конфессияаралық диалогтың тиімді алаңы ретіндегі маңыздылығы аталды. С.Сомайя Қазақстанның конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесін оң бағалап, өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі екенін растады.

Сапар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ іскерлік және гуманитарлық салалардағы байланыстарды кеңейтуге қосымша серпін берді. Қол жеткізілген келісімдер мен орнатылған байланыстар бірлескен жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға және екіжақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге негіз болады.