Астанада Корея Республикасымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Астанада Корея Республикасымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Әсет Исеналидің Қазақстанда кәсіп етіп жатқан  корей компанияларының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге KIA, KT&G, Hyundai Engineering және Open Healthcare компанияларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Өнеркәсіп, энергетика, автокөлік өнеркәсібі, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан Елшісі еліміздің инвестициялық ахуалын одан әрі жақсартуға мүдделі екенін атап өтіп, Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Компания өкілдері қазақстандық нарықта өз кәсіптерін арттыруға және қазақстандық ұйымдармен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара тиімді әрі жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындық білдірілді.