Қазақстан мен Сауд Арабиясы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Сауд Арабиясы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Tal Holding Company» төрағасы Мұхаммед Әл-Талебпен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды. Қазақстандық экспортты ілгерілетуге, сондай-ақ екі елдің салалық компаниялары арасында тікелей байланыстар орнатуға ерекше назар аударылды.

Тараптар серіктестікті кеңейтуге өзара мүдделілігін растап, бірлескен бастамаларды іске асыру мақсатында өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екендіктерін білдірді. Кездесудің қорытындысы бойынша өзара тиімді ықпалдастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдар келісілді.

 «Tal Holding Company» – Сауд Арабиясындағы агроөнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін жекеменшік компаниялар тобы. Негізгі қызмет бағыттарына ауыл шаруашылығы өндірісін ресурстармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және тарату кіреді. Компания Корольдік бойынша кең филиалдар желісіне ие және халықаралық әріптестермен белсенді ынтымақтастық орнатқан.