Загребте Қазақстан мен Хорватия арасындағы экология және су ресурстары саласындағы ынтамақтастық талқыланды

Загребте Қазақстан мен Хорватия арасындағы экология және су ресурстары саласындағы ынтамақтастық талқыланды

Загреб қаласында Қазақстанның Елшісі Даулет Батырашевтың Хорватияның Қоршаған ортаны қорғау және жасыл ауысу министрі Мария Вучковичпен кездесуі өтті.

Кездесушілер қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және климаттық саясат салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Салалық ведомстволар арасындағы диалогты жандандырудың, сондай-ақ экологиялық реттеу, су ресурстарын басқару, энергия тиімділігін арттыру және «жасыл» технологияларды енгізу салаларында тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

Қазақ дипломаты БҰҰ аясындағы Қазақстанның басым бағыттарын атап өтті, әсіресе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су дипломатиясын нығайту және су ресурстарын тұрақты басқаруды дамыту үшін Халықаралық су ұйымын құру бастамасына баса назар аударды.

Климатқа бейімделу, экономикалық декарбонизация және тұрақты энергетиканы дамыту бойынша бірлескен шешімдерді әзірлеу алаңына айналуды мақсат ететін, Астанадағы Өңірлік экологиялық саммит шеңберінде осы бастаманы талқылауға бағытталған дөңгелек үстелге ерекше назар аударылды. Елші іс-шараның тұжырымдамасы мен күн тәртібін баяндап, оның мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және бизнес қауымдастығы арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған практикалық бағытын атап өтті.

Сонымен қатар, Д.Батырашев үкіметтер, бизнес және халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл платформасы ретінде қызмет ететін, энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері, қалдықтар мен су ресурстарын басқару саласында озық шешімдерді енгізуді қамтамасыз ететін Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде, Министр М. Вучкович өсіп келе жатқан климаттық сын-тергеулер жағдайда халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың, су секторындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол, сондай-ақ, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық танытты және Хорватияның тәжірибесін ескере отырып, су ресурстарын басқару саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға дайын екенін білдірді.