Қазақстан мен Кувейт жоғары деңгейдегі диалогты нығайтуда

Қазақстан мен Кувейт жоғары деңгейдегі диалогты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев шейх Нассер Әл-Мұхаммед Әл-Ахмед Әл-Джабер Ас-Сабахпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші шейх Нассер Ас-Сабахтың Кувейттің мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Мансап барысында ол бірқатар жоғары мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеп, соның ішінде 2006-2011 жылдары Кувейт Мемлекетінің Премьер-министрі ретінде қызмет атқарды.

Тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық байланыстарды, бизнес және инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қ. Бозымбаевтың ағымдағы жылдың күзінде Кувейт Мемлекетіне жоспарланған сапарына дайындық мәселелері ерекше қаралды. Аталған сапар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңызды қадамы ретінде қарастырылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын басым бағыттар бойынша серіктестікті кеңейтуге ниетті екендерін растады.