Санкт-Петербург пен Гатчинада Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған концерттер өтті

Санкт-Петербург пен Гатчинада Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған концерттер өтті

Ресейдің Солтүстік-Батыс аймағында көрнекті композитор әрі музыкатанушы Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ халық аспаптар оркестрінің мерекелік концерттері өтті.

Кештің өтуіне Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы, Ақтөбе облысының Мәдениет басқармасы және Санкт-Петербургтің Сыртқы байланыстар комитеті мұрындық болды. 14 сәуірде гастрольдік бағдарлама Гатчина қалалық мәдениет үйіндегі концертпен жалғасты.

Шығармашылық ұжым ұсынған дала мұрасы мен заманауи үндестікті тоғыстырған бағдарлама аясында қазақтың классикалық халық күйлері, Ахмет Жұбановтың таңдаулы туындылары мен Қазақстанның қазіргі заманғы композиторларының шығармалары орындалды.