Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда

Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесті.

Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, оның ішінде транзиттік бағыттарды кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту және мультимодальды логистикалық тізбектерді дамыту мәселелерін қарастырды. Латвия порттары арқылы жүк тасымалын ұлғайтуға, қазақстандық тауарларды Еуропалық одақ елдеріне жедел жеткізу үшін Латвияның теміржол инфрақұрылымын тиімді пайдалануға, сондай-ақ жүк айналымы процестерін цифрландыру мен кедендік рәсімдерді жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысқан Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесінің тең төрағалары Роман Абенов пен Ринальдс Плявниекс көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірқатар нақты ұсыныстарын айтты.