
Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов Mambikom Agrar және Korali компанияларының басшылығымен кездесу өткізді.
Mambikom Agrar компаниясының басшысы Владимир Тесламен өткен кездесуде тараптар Қазақстанда жеміс-жидектерді мұздату зауытын салу жобасының қазіргі жағдайы мен оны жүзеге асырудың алдағы қадамдарын талқылады.
Сербиялық кәсіпкер жобаға инвестиция салу ниетін растап, Қазақстандағы серіктестермен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Осы тұрғыда өзара іс-қимылдың негізгі кезеңдері келісілді.
Елші мен Mambikom Agrar басшылығы жобаның Қазақстандағы агроөнеркәсіптік секторын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан болашағы бар екеніне сенім білдірді.
Korali компаниясының басшылығымен өткен кездесуде серб тарапы қалаларды абаттандыру бойынша ұсыныстар білдіріп, Қазақстандағы серіктестермен бірлесе өңірлік нарықтарға шығу үшін өз өнімдерінің өндірісін шоғырландыруға дайын екенін білдірді.