Наурыз мерекесі Екатеринбург тұрғындарының басын қосты

Наурыз мерекесі Екатеринбург тұрғындарының басын қосты

Қазақстанның Екатеринбургтегі Бас консулдығы Наурыз-2026 мерекелік концертін ұйымдастырды.

Бағдарламаға Түмен қаласынан келген «Эсма» қазақ би тобы, Белояр аудандық мәдениет үйінің «Злато» вокалдық тобы, Екатеринбург қаласының Жоғарғы Исет ауданының № 11 өнер мектебінің «Забава» тобының «Малахит» би ансамблі, «Юность» ән және би студиясы, «Мое отечество» Жоғарғы Серги Свердловск аймақтық қоғамдық ұйымының бөлімі қатысты.

Қазақстанның Бас консулы Жарас Мамутбеков өз сөзінде Наурыз – көктемнің және бірліктің мерекесі екенін атап өтті. «Даланың көшпелі халықтары үшін бұл кезең ерекше маңызға ие. Олар үшін бұл жаңа шаруашылықтың пен өзгерістердің  мен ізгі амалдардың басталуы», - деді қазақ дипломаты.

Биылғы жыл Ресей халықтарының бірлігі жылы деп жарияланғанын назарға ала отырып, орыс халқының, сондай-ақ Ресей Федерациясының әрбір этносының мәдениеті мен тарихына құрмет ретінде ашық кеңістікте киіз үй орнату, ал іс-шаралар бағдарламасына Урал халықтар үйінің өкілдерін шақыру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.