Норвегия Корольдігінде Наурыз мейрамы аталып өтті

Норвегия Корольдігінде Наурыз мейрамы аталып өтті

Норвегияның батыс жағалауындағы Ставангер және Берген қалаларында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Іс-шара барысында қонақтарға қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері, ұлттық тағамдар, соның ішінде «Наурыз көже», сондай-ақ Қазақстан, оның тарихы және Наурыз мейрамының маңызы туралы ақпарат ұсынылды. Мерекеге қазақстандық диаспора өкілдерімен қатар жергілікті тұрғындар да қызығушылық танытты.

Мерекелік іс-шаралар жылы әрі достық ахуалда қонақтарды ортақ құндылықтар мен дәстүрлер төңірегінде біріктіріп, қатысушыларға Қазақстан мәдениеті туралы жағымды әсер қалдырды.