Измирде қазақстандық студенттер Наурыз мейрамын атап өтті

Измирде қазақстандық студенттер Наурыз мейрамын атап өтті

Измир қаласындағы Орталық паркте түркі халықтарының жаңа жылы Наурыз мерекесіне арналған «Bahar» халықаралық көктем фестивалі өтті.

Іс-шара Измир қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Бас консулдығының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді. Фестивальге Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген студенттер мен Измир қаласының тұрғындары қатысты. Фестиваль түркі халықтары өкілдері арасындағы байланыстарды нығайтуға және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналды.

Қазақстандық павильон домбыраның әуенімен және «Izmir Qazaq Jastary» студенттік бірлестігінің белсенділері дайындаған дәстүрлі ұлттық тағамдарымен қонақтардың ерекше назарын аударды.

«Bahar» фестивалінің өткізілуі мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға, қоғамдық дипломатияны дамытуға және Қазақстан Республикасының ұлттық дәстүрлерін шетелде ілгерілетуге ықпал етті.