Хельсинкиде Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты референдумның қорытындылары талқыланды

Хельсинкиде Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты референдумның қорытындылары талқыланды

Хельсинкидегі Қазақстанның Елшілігінде Финляндияның Журналистер қауымдастығының өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен брифинг өтті. Іс-шара Қазақстандағы маңызды оқиғалар туралы өзекті ақпаратпен алмасу және медиа саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ екіжақты қатынастарды нығайту алаңына айналды.

Брифинг барысында Қазақстанның Елшісі Азамат Әбдіраимов қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындыларымен таныстырып, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметтерді ұсынды.

Қазақстандық дипломат аталған нәтижелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күш-жігеріне берілген тиісті баға және жүргізіп отырған саясатына сенімнің айқын көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы – ел үшін аса маңызды әрі тарихи оқиға, ол мемлекеттік институттарды дамытуға және қоғамның құқықтық негізін күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Тараптар саяси, экономикалық және мәдени салалардағы жетістіктерге тоқталып, екіжақты қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті. Қатысушылар сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылап өтті.