Мажарстан Ұлттық банкінің Төрағасы Қазақстанның мемлекеттік даму және экономикалық реформаларын жоғары бағалайды

Мажарстан Ұлттық банкінің Төрағасы Қазақстанның мемлекеттік даму және экономикалық реформаларын жоғары бағалайды

Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Ұлттық банкінің Төрағасы Михай Варгамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар қазақстан-мажар ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Экономикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде орталық банктер желісі бойынша ынтымақтастыққа, сондай-ақ екіжақты инвестициялық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды.

Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы серіктестіктің тұрақты серпінін атап өтіп, банк саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде мажар қаржы институттарын Қазақстандағы жобаларды іске асыруға тартуға мүдделілік білдірді. Сонымен қатар, дипломат Қазақстанда өткен референдум туралы және оның Қазақстан Республикасының демократиялық дамуын одан әрі нығайтудағы маңызы жөнінде ақпарат берді.

Өз кезегінде, Ұлттық банк Төрағасы референдум нәтижелерін және Қазақстан Республикасының демократияны дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және қаржылық реттеушілермен ақша-кредит саясаты саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына оң баға беріп, кәсіби диалогты тереңдетуге және қаржылық тұрақтылық пен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған озық тәжірибелермен алмасуға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің бейінді ведомстволары арасында тұрақты байланыстарды қолдауға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.