Қазақстандағы ауқымды реформалар аясында португалдық бизнес-қоғамдастық серіктестікті арттыруға мүдделі

Қазақстандағы ауқымды реформалар аясында португалдық бизнес-қоғамдастық серіктестікті арттыруға мүдделі

Жаңа геосаяси және геоэкономикалық сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер тұрғысынан Қазақстан-Португалия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту перспективалары Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Жан Галиевтің Минью өңірінің Бизнес-қауымдастығының (Associação empresarial do Minho, AEMinho) басшылығымен - Президент Рамиру Бриту, вице-президент Грациете Лима және Бас директор Маргарида Росси кездесуінде талқыланды.

Қазақ дипломаты сұхбаттасушыларды Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелерімен таныстырып, инвестициялық ахуал мен шетелдік компаниялардың жұмыс істеу жағдайларын жақсартуға бағытталған өзгерістерге назар аударды. Сондай-ақ, елші Қазақстан-португал ынтымақтастығы үшін ең перспективалы экономика секторларын атап өтіп, олардың арасында ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, Орта дәліздің әлеуеті, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, туризм және өзге де салаларға ерекше назар аударды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жаңғырту үдерістерін құптай отырып, AEMinho басшылығы аталған салаларда әріптестік орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында екі елдің бизнес-қауымдастықтарын жақындастыруға және өзара тиімді жобаларды анықтауға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды қолға алу туралы уағдаласты.

AEMinho елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына, сондай-ақ португалдық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның ішінде оларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге ықпал ете отырып, индустриалды дамыған миньо аймағының (Португалияның солтүстігі) кәсіпкерлерінің мүдделерін білдіреді. Қауымдастыққа 140-тан астам кәсіпорын кіреді, олардың жиынтық айналымы 45 миллиард еуродан асады, бұл бүкіл Португалияның ЖІӨ-нің шамамен 8%-ын құрайды.  AEMinho-ға кіретін кәсіпорындардың жалпы экспорт көлемі 10 млрд. еуродан асады.