
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықовты қабылдады.
Беларусь басшысы биыл 15 наурызда өткен Қазақстанның жаңа конституциясының жобасы бойынша республикалық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі лебіздерін білдірді. Дауыс беру нәтижелері азаматтардың елді жаңғырту және мемлекеттілікті нығайту бағытына деген жоғары сенімінің кезекті дәлелі болғаны аталып өтті.
А.Лукашенко жаңа Конституцияның қабылдануымен Қазақстан тұрақты дамуын жалғастырады және одан үлкен оң нәтиже алады деген үмітін білдірді. Ол сондай-ақ Беларусь үшін Қазақстан Орталық Азия елдері арасындағы басты әріптес екеніне және екі ел арасындағы қарым-қатынас әрқашан жоғары деңгейде екеніне назар аударды.
Кездесу барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Қазақ дипломаты сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың белсенді дамуда екенін атап өтті. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының өсуі шамамен 30% құрады. Өсім Қазақстанға импортты және Беларуське экспортты қоса алғанда, барлық құрамдас бөліктерді қамтуда.
Бұл ретте А.Лукашенко өзара сауда көрсеткіштері екі елдің мүмкіндіктеріне сай келмейтінін атап өтті. «Біз тауар айналымын оңай екі есеге арттыра аламыз. Бізде осыған деген ұмтылыс бар. Қазақстандықтармен біз әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдық және олардың сақталатынына сенімдімін»,– деді ол.
Кездесу соңында Елші Т.Жақсылықов Беларусь президентіне кездесу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, Беларусияда 15 наурызда атап өтілетін жақында өткен – Конституция күні мерекесіне байланысты құттықтауын жеткізді.
Бұл ретте А.Лукашенко өзара сауда көрсеткіштері екі елдің мүмкіндіктеріне сай келмейтінін атап өтті: «біз тауар айналымын оңай екі есеге арттыра аламыз. Бізде осыған деген ұмтылыс бар. Қазақстандықтармен біз әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдық және олардың сақталатынына сенімдімін».
Кездесу соңында Елші Т.Жақсылықов Беларусь президентіне кездесу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Беларуссияда 15 наурызда атап өтілетін жақында өткен – Конституция күні мерекесіне құттықтауын жеткізді.