
Елші Болат Иманбаев Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасянмен кездесті.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Армения арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады. 2025 жылы екі елдің бейінді ведомстволары, сонымен бірге жетекші мұражайлары, кітапханалары мен киноиндустрия ұйымдары арасында қол қойылған екіжақты құжаттардың маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Осы орайда үстіміздегі жылдың ақпан айында Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» ежелгі қолжазбалар институты делегациясының Қазақстанға сапарының маңыздылығына назар аударылып, сапар аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығымен тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап, ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін келістірді.