Қазақстан мен Израиль азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Израиль азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстанның Израиль Мемлекетіндегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдің Азаматтық авиация басқармасының басшысы Шмуэль Закаймен кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Израиль арасындағы тікелей әуе қатынасын іске қосуды практикалық тұрғыда жүзеге асыру мәселесі болды.

Кездесу барысында қазақстандық әуе компаниясы «SCAT» Airlines ағымдағы жылдың жазғы маусымынан бастап тікелей рейстерді іске қосатыны расталды. Сонымен қатар «Air Astana» компаниясымен тікелей рейстерді ашу бойынша келіссөздер жалғасып жатқаны хабарланды.

Тараптар «SCAT»  алғашқы рейстерін іске қосу параметрлерін, жерүсті қызмет көрсету мәселелерін, авиациялық қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ осы саладағы уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі алдағы қадамдарды қарастырды.

Израиль тарапы қазақстандық әуе компанияларымен және Қазақстан Республикасының Елшілігімен практикалық үйлестіруге дайын екенін білдіріп, рейстерді іске қосуды жедел сүйемелдеуге мүдделілігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды уақтылы іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.