Қазақстан мен Өзбекстан бизнес құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Өзбекстан бизнес құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Президентінің жанындағы Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілі (Бизнес-омбудсмен) Абдуманноп Буриевпен кездесуі өтті.

Қазақстан Елшісі іскерлік ортаның дамуындағы тұрақты оң динамиканы атап өтіп, Өзбекстанда кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы әрі жайлы бизнес-климат қалыптасқанын жеткізді. Өзбекстан нарығында жұмыс істеп жатқан қазақстандық компаниялар санының өсуін ескере отырып, бизнес құқықтары мен заңды мүдделерін институционалдық қорғау бағытында Бизнес-омбудсмен кеңсесімен өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы айқындалды.Қазақстан Өзбекстандағы шетелдік капитал қатысатын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны бойынша бес ірі елдің қатарына кіретіні аталып өтті.

А.Буриев Өзбекстан Президенті жүзеге асырып отырған саясат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тұрақты және ашық жағдайлар қалыптастыруға, бизнес құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға және реттеушілік ортаның болжамдылығын арттыруға бағытталғанын хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар институционалдық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін және Қазақстан мен Өзбекстандағы қолайлы әрі тұрақты бизнес-ортаны нығайту бағытында күш-жігерді үйлестіруге дайын екендігін растады.

Қазіргі уақытта елде қазақстандық капиталдың қатысуымен 1212 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар геологиялық барлау, қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, сауда және IT салаларында жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында BI Group, Qarmet, PTC Holding, Tenge Bank, RG Brands, OpenLab, EcoStandard және басқа да компаниялар бар.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тауар айналымы 4,97 млрд АҚШ долларына жетті, бұл сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетеді.

Өзбекстан Президентінің жанындағы Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілі (Бизнес-омбудсмен) – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуын болдырмау мақсатында құрылған мемлекеттік институт.