Қазақстан мен Армения стратегиялық серіктестіктің перспективалары мен халықаралық өзара іс-қимылды талқылады

Қазақстан мен Армения стратегиялық серіктестіктің перспективалары мен халықаралық өзара іс-қимылды талқылады

Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы Армен Григорянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақ-армян өзара іс-қимылының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сұхбаттастар достық пен өзара құрмет дәстүріне негізделген мемлекетаралық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Саяси диалогты тереңдету және түрлі салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын екіжақты өзара іс-қимылды стратегиялық серіктестік деңгейіне шығару туралы қол жеткізілген шешімнің маңыздылығы аталып өтті.

Саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені жаңғыртуға бағытталған Қазақстанда іске асырылып жатқан ауқымды реформаларға ерекше назар аударылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары армян тарапының қызығушылығын тудырды. Осыған байланысты қайта құрулардың кешенді сипаты мен олардың мемлекеттің ұзақ мерзімді орнықтылығына бағдарланғандығы аталып өтті.

Тараптар сондай-ақ көпжақты алаңдарда күш-жігерді үйлестіруге және өзара мүдделі бастамаларды қолдауға мүдделілігін растай отырып, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Осы орайда армян тарапы Астананың тұрақтылықты нығайтуға және диалогты дамытуға бағытталған дәйекті сыртқы саясатын жоғары бағалады.