Әл-Фараби есімі Қазақстан Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының штаб-пәтерінде

Әл-Фараби есімі Қазақстан Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының штаб-пәтерінде

Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Салим Әл-Маликпен кездесті.

Бұл кездесу 2026 жылғы 2-4 ақпанда ИСЕСКО штаб-пәтерінде өткізілген «Әл-Фарабидің балалық шағы және өмірі» атты сурет көрмесінің логикалық жалғасы болды. Аталған көрменің авторы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Өнер академиясының академигі, көрнекті суретші Жанұзақ Мүсәпір болып табылады. Көрме барысында қазақстандық суретші ислам әлемінің ұлы ойшылына деген құрмет белгісі ретінде Әл-Фарабидің өміріне арналған туындылар сериясын ИСЕСКО-ға сыйға тартты.

Өткізілген кездесу аясында аталған туындыларды Ұйым қорына ресми тапсыру рәсімі өтті. Картиналар Рабаттағы ИСЕСКО штаб-пәтерінде салтанатты залда орналастырылып, Ұйымға ерекше мәдени атмосфера мен бірегей эстетикалық келбет сыйлады.

Сондай-ақ, ИСЕСКО Бас директорына көрмені ұйымдастыруға қосқан ереулі үлесі үшін Қазақстан Көркем академиясының медалі мен Құрмет грамотасы табыс етілді.

Тараптар көркем туындылардың тапсырылуы халықтарды біріктіретін ортақ ислам мұрасын белгілейтінін және Қазақстанның ұлы ойшылдың есімін халықаралық сахнада насихаттауға деген шынайы ұмтылысын бейнелейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ИСЕСКО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, білім, ғылым және мәдениет саласындағы болашақ өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын белгіледі.