Астана мен Исламабад экология саласындағы практикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана мен Исламабад экология саласындағы практикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның климаттың өзгеруі және экологиялық үйлестіру мәселелері жөніндегі федералдық министрі Мусадик Масуд Маликпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын және экология саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ведомствоаралық меморандумның жүзеге асырылуын талқылады.

М. Малик пәкістандық тараптың өзекті экологиялық сын-қатерлерді шешуге бағытталған нақты, практикалық бағдарланған өзара іс-қимыл бағыттарын әзірлеуге мүдделілігін білдірді. Сондай-ақ министр биыл Астана қаласында өтетін өңірлік экологиялық саммитке қатысатынын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада бірлескен шараларды келісу мақсатында ведомствоаралық деңгейде келіссөздер ұйымдастыруға уағдаласты.