Қазақстан мен Молдова парламенттік байланыстарын нығайтуда

Қазақстан мен Молдова парламенттік байланыстарын нығайтуда

Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Парламентінің депутаты, Қазақстан Достық тобының Төрағасы Илье Ионашпен кездесті.

Қазақ дипломаты екіжақты қатынастардың достық сипатына тоқтала келе, мемлекеттер арасындағы саяси диалогты нығайтудың, өзара түсіністік пен сенімді арттырудың маңызды құралдарының бірі ретінде парламентаралық байланыстардың маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы негізгі экономикалық және саяси қайта құрулар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта негізгі заңға түзетулер дайындау мақсатында Конституциялық комиссия құрылғаны аталып өтті. Ұсынылып отырған түзетулер мемлекеттің дамуының қазіргі кезеңінің талаптарына, қоғамдық сұраныстарға және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың ұзақ мерзімді міндеттеріне сәйкес келетін заманауи конституциялық үлгіні қалыптастыруға бағытталған.

Өз кезегінде, И.Ионаш пікір алмасудың конструктивті сипаты үшін алғыс білдіріп, Молдова тарапының парламентаралық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға мүдделілігін растады. Сондай-ақ, барлық салаларда ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге ашық екендігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға мүдделілігін растап, тұрақты саяси диалогты қолдау және парламентаралық ынтымақтастықты нығайту маңыздылығын атап өтті.