Қазақстан мен Сауд Арабиясы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Сауд Арабиясы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Көлік және логистикалық қызметтер министрі Салех Әл-Жасермен кездесу өткізді.

Сұхбат аясында тараптар көлік және логистика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Жаңа логистикалық бағыттарды ілгерілету, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және халықаралық көлік дәліздерінің әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар көлік-логистика саласындағы диалогты жандандыру мен практикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, қазақ-сауд әріптестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған алдағы қадамдар туралы келісті.