Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Рига қаласында Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің қолдауымен Латвия стивидор компаниялар қауымдастығы мен Латвия темір жолы бірлесіп ұйымдастырған «Латвия-Қазақстан» бизнес конференциясы өтті.

Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша негізгі халықаралық “торап” ретіндегі Қазақстанның транзиттік және көліктік әлеуетінің тұрақты дамуы туралы хабардар етті. Ол Қазақстанда жаңа темір және автокөлік жолдарын пайдалануға беру, заманауи көлік-логистикалық орталықтарды салу және тиімді цифрлық экожүйе құру бойынша қабылданып жатқан шаралардың дер кезінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. “Бұл Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарын кеңейту және тереңдету үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасайды”, – деп атап өтті Елші.

Латвия Көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андулис Жидковс елдің дамыған порт және теміржол инфрақұрылымы негізінде көлік және логистика саласындағы екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екенін растады. Ол Үкіметтің халықаралық жүк транзитінің көлемін арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы мәлімдеді. Андулис Жидковс олардың ішінде қазақстандық өнімдердің үлесі айтарлықтай екенін атап өтті. Осыған байланысты ол мультимодальды логистикалық бағыттарды дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Іс-шараға қатысушылар көлік саласындағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іс-жүзінде жүзеге асыру бойынша пікір алмасып, жаңа бірлескен жобалардың перспективаларын талқылады.

Конференцияға Латвия Көлік министрлігі мен Кеден қызметінің басшылығы, сондай-ақ екі елдің бизнес және салалық қауымдастық өкілдері қатысты.