Мадридте қазақ-испан байланыстарын тереңдету перспективалары айқындалды

Мадридте қазақ-испан байланыстарын тереңдету перспективалары айқындалды

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның сыртқы және жаһандық істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диего Мартинес Белиомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, қазақ-испан қатынастарының кезең-кезеңімен дамып келе жатқан сипатын атап өтті. Жоғары және биік деңгейдегі байланыстарды жандандыру қажеттігіне назар аударылып, оның екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызын айқындайтыны аталып өтті.

Келіссөздер аясында қазақ диломаты Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы ақпарат беріп, олардың құқықтық мемлекетті нығайтуға, институционалдық тұрақтылықты арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде Испанияның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары еліміздегі саяси жаңғыру үдерістеріне оң баға беріп, Мадридтің Қазақстанмен көпқырлы өзара іс-қимылдарын одан әрі арттыруға мүдделі екенін білдірді.