Қазақстан мен Сербия құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Сербия құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов Сербия Әділет министрі Ненад Вуичпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен құқықтық жүйені дамытудың өзекті бағыттары талқыланды.

Келіссөздер аясында тараптар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер, оның ішінде халықаралық-құқықтық ынтымақтастық бойынша пікір алмасты.

М.Атамқұлов сұхбаттасын Қазақстанда қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа туралы хабардар етті.

Н.Вуич Сербияда ағымдағы және жоспарланған реформалар жөнінде баяндап, Сербия Әділет министрлігінің Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға әзірлігін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растап, тәжірбиелік өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.