
Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі, Қазақстанның ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғылық және басқа да органдары жанындағы қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің бірінші отырысына қатысты.
Іс-шара барысында Кеңес мүшелерін ү.ж. 20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Қазақстанның болашақ дамуының маңызды бастамаларымен және Қазақстан Республикасындағы конституциялық өзгерістермен таныстырды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының болашақ парламенттің атауына, құрылымы мен өкілеттіктеріне көзқарастары, сондай-ақ оның биліктің қоғамдық-саяси және мемлекеттік институттарын (Халық жиналысы, вице-президенттік және т.б.) реформалау жөніндегі ұсыныстары баяндалды.
Конституциялық реформаларды жүргізу туралы шешімді Қазақстан халқы алдағы жалпыұлттық референдумда қабылдайтыны аталып өтті.