
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Сенатының Экологиялық көшу жөніндегі комитетінің төрағасы Хосе Анхель Алонсо және Комитет мүшесі Ракель Мараньонмен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ Қазақстан мен Испания арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту жөніндегі қадамдарды талқылады. Испан тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдіріп, парламентаралық өзара іс-қимылдың қазақ-испан қатынастарын тереңдетуде маңызды рөлін атап өтті.
Елші Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған алдағы конституциялық реформалар туралы ақпарат берді. Испания Сенатының өкілдері аталған бастамаларға оң баға беріп, олардың институционалдық негіздерді нығайтуға және елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ энергетикалық күн тәртібіндегі мәселелерге ерекше назар аударылып, энергетика саласының орнықты дамуын қамтамасыз ету, энергиялық көшу үдерістері, энергия тиімділігін арттыру және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу тақырыптарына тоқталды. Испанияның Қазақстанмен энергетика саласындағы диалогты дамытуға қызығушылығы атап өтіліп, «жасыл» энергетиканы дамыту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тәжірибесі ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттарда практикалық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге дайын екендіктерін растады және бірлескен бастамаларды әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы уағдаласты.