Франция сенаторларына Қазақстандағы конституциялық реформалар таныстырылды

Франция сенаторларына Қазақстандағы конституциялық реформалар таныстырылды

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Франция Парламенті Сенатының депутаттарымен, «Франция – Орталық Азия» достық тобының мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова француз тарапын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында жариялаған елдегі конституциялық реформа туралы хабардар етті. Ерекше назар негізгі реформалар бағыттарына аударылды, оның ішінде бірпалаталы парламент құру, Вице-президент лауазымын енгізу, сондай-ақ «Халық кеңесі» институтын қалыптастыру мәселелеріне аударылды.

Француз сенаторлары ұсынылған реформаларды жаңашыл әрі өршіл бастама ретінде бағалап, олардың Қазақстанның одан әрі орнықты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ сенаторлар парламентаралық диалогты нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.

Сонымен қатар, сенаторлар елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар мен қоғамдық-саяси үдерістерге айрықша мән беріп, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары мен саясаттағы жаңашыл бастамалардың жүзеге асырылу барысын үнемі жіті назарда ұстайтындарын атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан-француз ынтымақтастығының қарқынды дамуын атап өтіп, оның ішінде «Франция – Орталық Азия» достық тобы аясында да сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.