Бангкок Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге және экономикалық байланыстарды нығайтуға қызығушылық танытуда

Бангкок Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге және экономикалық байланыстарды нығайтуға қызығушылық танытуда

Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Бангкок қаласының Губернаторы Чадчарт Ситтипунтпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Бангкок пен Қазақстан өңірлері және іскерлік топтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.

Туризм, қалалық инфрақұрылым, тұрақты даму, «ақылды қала» шешімдерін енгізу, логистика және қалалық қызметтерді цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Инвестициялық тартымдылықты арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға өзара қызығушылық бар екені аталып өтті.

Қазақ дипломаты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық реформалар туралы ақпарат берді.

М. Баймұхан Қазақстанның көпвекторлы және прагматикалық сыртқы саясатқа берік екенін, сондай-ақ Таиландпен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

Губернатор Ч. Ситтипунт Астана және Қазақстанның басқа да өңірлерімен байланыстарды жандандыруға қызығушылық білдіріп, Бангкоктың өңірдегі жетекші экономикалық, қаржылық және туристік орталықтардың бірі ретіндегі әлеуетін тоқталды. Ол қалалық басқару, цифрландыру, жасанды интеллект, тұрақты даму және инфрақұрылымды жаңғырту салаларында тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Тараптар тұрақты байланыстарды қолдауға және екі елдің қалалары мен өңірлерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдары, іскерлік топтары мен сарапшылық қауымдастықтары арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесуге ниетті екенін растады.

Кездесу соңында диалогты жалғастыру және нақты бастамалар мен жобаларды пысықтау, соның ішінде Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ өзара сапарлар өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бангкок қаласында шамамен 10-11 млн адам, ал Үлкен Бангкок агломерациясы құрамында 16-17 млн-нан астам адам тұрады. Бұл Таиландттың ең маңызды экономикалық және мәдени орталығы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең көп баратын қалалардың бірі. Халықаралық туристік рейтингтердің, соның ішінде Euromonitor International Top 100 City Destinations Index деректеріне сәйкес, Бангкок соңғы жылдары халықаралық туристер саны бойынша әлемде бірінші орын алып келеді. Қала жыл сайын шамамен 35 млн шетелдік туристі қабылдайды.