Қазақстан мен Словакия қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Словакия қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қоршаған орта министрі Томаш Тарабамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару салаларындағы Қазақстан - Словакия ынтымақтастығын дамытуға өзара мүдделілігін атап өтіп, екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейтуді қоса алғанда, өзара іс-қимылдың бірқатар басым бағыттарын айқындады.

Климаттың өзгеру салдарын жұмсарту және оған бейімделу мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Қазақ дипломаты Т.Тарабаға 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік Экологиялық Саммитке қатысуға арналған ресми шақыруды табыс етті. Аталған іс-шара Орталық Азия өңіріндегі климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және бірлескен тәсілдерді әзірлеу үшін маңызды халықаралық алаң болатыны аталып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөнінде уағдаласты.