Каталония Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытуда

Каталония Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытуда

Барселона, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстанның Барселонадағы Консулдығының басшысы Әмір Сұлтанғожин Каталония Үкіметінің сыртқы істер және Еуропалық одақ мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жауме Дукпен кездесу өткізді.

Келіссөздер екіжақты практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге тараптардың өзара мүдделілігін растады және екіжақты күн тәртібіне жаңа серпін берді.

Келіссөздер барысында консулдық мәселелермен қатар, Қазақстандағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және инвестициялар тарту перспективалары талқыланды. Қазақстан мен Каталонияның іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнатуға қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қазақ тарап елде жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және экономикалық реформаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтарды таныстырды. Жүргізіліп жатқан өзгерістер шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны аталып өтті.

Сонымен қатар, өнеркәсіп, технологиялар және инновациялар салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін ілгерілетуге бағытталған бірлескен іскерлік іс-шаралар мен таныстырылымдар өткізу жоспарлары қаралды.

Каталония Испанияның жалпы ішкі өнімінің шамамен 19 %-ын құрайды және ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Аймақ Испанияның өнеркәсіптік өндірісінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді. Негізгі салаларына химия және фармацевтика өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, автокөлік жасау, сондай-ақ жоғары технологиялар мен инновациялар жатады.