
Любляна, 2026 жылғы 13 қаңтар – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словен Республикасы Премьер‑министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файонмен кездесуінде екі ел арасындағы саяси сұхбаттастықты одан әрі нығайтуға, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай‑ақ цифрландыру, инновациялар және көлік логистикасы салаларындағы әріптестікті дамытуға деген ниетін растады.
Сұхбат барысында келесі жылы Қазақстан мен Словения дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35-жылдығы екіжақты ынтымақтастықтың кемелдігі мен тұрақтылығын айғақтайтын маңызды белес болмақ.
Т.Файон Словения үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктес екенін атап өтіп, өткен жылы Словен Президентінің Астанаға жасаған ресми сапарының нәтижелерін өте жоғары бағады. Ол сапардың екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесін және қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі ілгерілетуге дайын екені жеткізді.
Кездесу барысында көпқырлы өзара іс‑қимылды тереңдету және барлық деңгейде, соның ішінде сыртқы істер министрлері арасындағы тұрақты байланыстарды қолдау мәселелері талқыланды. Вице‑премьер словен тарапының тең төрайымы ретінде 2026 жылғы наурызда Люблянада Үкіметаралық комиссияның 5‑отырысын және Қазақстан‑Словен цифрлық форумын өткізуге дайын екенін растады.
Ерекше назар сауда‑экономикалық байланыстарды кеңейту перспективаларына аударылды. Атап айтқанда, фармацевтика, жасанды интеллект, ақпараттық‑коммуникациялық технологиялар, инжиниринг және энергия тиімділігі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды. Қазақстанның маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлінің артуына байланысты Орта дәліз аясында логистиканы дамыту маңыздылығы аталып өтті. Сондай‑ақ словениялық компаниялардың Қазақстандағы жобаларға, оның ішінде өндірісті жергіліктендіру бағытындағы бастамаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
Қазақ дипломаты Словенияның 2024-2025 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне табысты төрағалық етуімен, әрі 2026-2028 жылдарға Адам құқықтары жөніндегі кеңеске сайлануымен құттықтады. Тараптар халықаралық ұйымдар мен көпжақты алаңдарда ынтымақтастықты жалғастыруға деген мүдделілігін растады.