Қазақстан мен Финляндия ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Финляндия ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Хельсинки, 2026 жылғы 12 қаңтар – Қазақстанның Финляндиядағы  Елшісі Азамат Әбдіраимов Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасының (STUK) Бас директоры Петтери Тиипанамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өткен жылғы ынтымақтастықты қорытындылады, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы 2026 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспарларын талқылады. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы реттеу және тәжірибе алмасу мәселелеріне, сондай-ақ екі елдің бейінді ведомстволары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына басты назар аударылды.

Қазақстан Елшісі қазақстандық тараптың сараптамалық біліммен алмасуды, бірлескен іс-шараларды өткізуді және институционалдық өзара іс-қимылды нығайтуды қоса алғанда, «STUK»-пен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады және өзара іс-қимылды сараптамалық деңгейде жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.