
Рига, 2026 жылдың 8 қаңтары – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов ҚР Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі Сейм тобының жетекшісі, депутат Линда Лиепинамен кездесті.
Елші Қазақстан-Латвия ынтымақтастығының жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары, алдағы уақыттағы бірлескен іс-шаралар кестесі туралы хабардар етті. Екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Л.Лиепина өз кезегінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы екіжақты қатынастарды тереңдетуге және кеңейтуге мүдделілігін растады. Қазақстан мен Латвияның парламентаралық өлшеміне жаңа серпін беру қажеттігін қолдады.