
Тель - Авив, 2026 жылғы 4 қаңтар – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Даулет Ембердиев Қазақстан–Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Израиль Қаржы министрі Зеэв Элькинмен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібі талқыланып, оның ішінде биік және жоғары деңнейде жоспарланып отырған сапарлар туралы пікір алмасылды.
Ерекше назар биыл Израильде өтетін Үкіметаралық комиссияның отырысына дайындық мәселелеріне, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне аударылды.