
Тель-Авив, 2025 жылғы 29 желтоқсан Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдің оңтүстігіңде орналасқан Арад қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында қала Әкімінің орынбасары Гай Берёзамен және қалалық муниципалитеттің Бас директоры Элидор Коэнмен кездесулер өтті.
Қазақ дипломаты мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту әлеуеті туралы айтып, әсіресе озық израильдік технологияларды трансферттеу және бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында Қазақстанға инвестициялар тарту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, соның ішінде Арад қаласы мен Қазақстан Республикасының болашағы зор қалаларының бірі арасында бауырластық байланыстар орнату мүмкіндігін талқылады.